Ауыл тұрғыны "90 мың теңге ұттыңыз" деген алаяққа сеніп, ақша берген

14 Қазан 2020, 15:07
Сурет: gruzdevv.ru

Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғыны алаяқтыққа тап болды, деп хабарлайды zakon.kz.

11 қазанда Алға ауданы ПБ кезекші бөліміне Березовка ауылының тұрғыны белгісіз тұлға оның сеніміне кіріп интернет арқылы 90 мың теңге ұтып алды деген сылтаумен, ақшасын алу үшін пайыз төлеу керектігін айта отырып, алдау жолымен 13 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденгені туралы арызданды. Жәбірленуші ақшаны банк картасына аударған, карта нөмірін есінде сақтамаған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті билетті сатып алмай лотерея ұтып алу мүмкін емес екенін, ал салық ақшаны алғаннан кейін төленетінін ескертеді.

Облыстық ПД азаматтарды сақ, қырағы болуға және өз ақшалары мен бағалы заттарын бейтаныс адамдарға сеніп бермеуге, тауар немесе қызмет алғанға дейін ақша қаражатын аудармауға шақырады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?