Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұздағы зейнеткерлер ҰҚК-нің жалған қызметкеріне 15 миллион теңге берген

Екібастұздағы зейнеткерлер ҰҚК-нің жалған қызметкеріне 15 миллион теңге берген, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 12:31 Сурет: pexels
Екібастұздық қарт ерлі-зайыпты өзін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен банк қызметкерлеріміз деп таныстырған алаяқтарға 15 миллион теңге аударған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазан айының соңында екібастұздық 62 жастағы зейнеткерге бір қыз телефон соққан. Ол өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, әйелдің атына несие алғысы келетінін айтқан. Осыдан кейін бейтаныс адам зейнеткерді өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған ер адаммен байланыстырған.

"Арнайы қызметкер" қарт әйелге жедел түрде банкке барып, өзінің қоңырауын күтуді, содан кейін "алаяқтарды анықтау үшін" несие рәсімдеуді ұсынған. Қорыққан зейнеткер оның барлық нұсқауын орындап, 2,3 миллион теңге несие рәсімдеп, терминал арқылы көрсетілген есепшотты толтырған.

Келесі күні "ҰҚК қызметкері" қайта хабарласып, Екібастұз қаласының тұрғынынан шоттағы ақшаның барлығын – 7,2 миллион теңгені басқа банктен аударып беруін сұраған. Бұл жолы зейнеткердің күйеуі "алаяқтарға" тап болыпты-мыс. Бейтаныс жігіттің нұсқауымен ерлі-зайыпты белгісіз шоттарға 15 миллион теңге аударған. Осыдан кейін "ҰҚК қызметкері" несиені таңға дейін қайтарамыз деп уәде берген. Зейнеткерлер алданғанын "алаяқтар ұсталды" деген қоңырау келгенде ғана түсінген.

"Қазір полицейлер осы алаяқтыққа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шарасын жасап жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері желідегі алаяқтар қазақстандықтардың 13 миллиард теңгесін алдап алғанын хабарлаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: