25 қазанға дейін кет – Лукашенкоға нақты талап қойылды

Francois Lenoir (Reuters) Francois Lenoir (Reuters)
26 қазаннан бастап барлық кәсіпорындардың ұлттық наразылығы басталады, барлық жолдар жабылады.

Беларусь президенттігінен үміткер болған Светлана Тихановская Александр Лукашенкоға қарсы акцияға қатысушылар жаңа ультиматум қойғанын мәлімдеді, деп жазады centralasian.org.

Оның айтуынша, 25 қазанға дейін Лукашенко қызметінен кетуі тиіс.

Тихановская телеграм-каналында Лукашенко аталған күнге дейін кетуі тиіс, оның оппоненттері президент ретінде мойындамайды деп мәлімдеді. Бұдан бөлек тағы екі талап қойылған – қарсылық акциясына қатысушыларға зорлық-зомбылық көрсетуді тоқтату және саяси тұтқындардың бәрін бостандыққа шығару.

Егер талаптар орындалмаса, 26 қазаннан бастап барлық кәсіпорындардың ұлттық наразылығы басталады, барлық жолдар жабылады, мемлекеттік дүкендердегі сатылым құлдырайды деп ескертеді Тихановская.

"Үш талапты орындауға 13 күн уақыт бар. Бізде де бәріне дайындалуға 13 күн уақыт бар", – деп жазады Тихановская. Ол биліктің диалог жүргізіп жатырмыз деген пікірін теріске шығарып, олардың әрекетін "мемлекеттік террор" деп атады.

Ол құқық қорғау органдарының өкілдерін халық жағына шығуға шақырды.

Беларусьта 9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін саяси дағдарыс тереңдеп барады. Елді 1994 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенко соңғы сайлауда жеңіске жеткенін жариялағанымен, беларусь оппозициясы оны мойындаудан бас тартты.

Сайлауда Лукашенконың басты қарсыласы болған 37 жастағы Светлана Тихановская сайлаудан кейін елден қашып кетуге мәжбүр болды. Қазір Литвада тұрып жатқан ол халықаралық қауымдастықты сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартуға шақырып келеді. Еуропарламент Александр Лукашенконы Беларусьтың президенті ретінде мойындамайтынын жариялады.

29 қыркүйекте Франция президенті Эммануэл Макрон Литвада Тихановскаямен кездесіп, Беларусьтағы саяси дағдарысты реттеуге қолынан келгенше көмектесетінін білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз