Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина тіркелді

Кремльдің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 18:28 Кремльдің баспасөз қызметі
Вакцинаның клиникалық сынағына 100 ерікті қатысқан.

Ресейде коронавирусқа қарсы екінші вакцина тіркелді. Бұл жөнінде 14 қазанда үкімет мүшелерімен болған жиында Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды centralasian.org.

"Басқа бір жағымды ақпараттан бастағым келіп тұр. Новосібірдегі "Вектор" орталығы бүгін Ресейдің коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" деп аталатын екінші вакцинасын тіркеді" деді ол.

Оның айтуынша, Ресей ғылым академиясына қарасты иммунобиологиялық дәрі-дәрмекті зерттеу және әзірлеу федералдық ғылыми орталығы дайындап жатқан үшінші вакцина да тіркелер күн жақын.

Вице-премьер Татьяна Голикова "Вектор" орталығының тіркеу куәлігін алғанын хабарлады. Оның айтуынша, вакцинаның клиникалық сынағына 100 ерікті қатысқан.

"Векторлық, яғни аденовирус негізінде әзірленген ресейлік алғашқы вакцина Sputnik V-дан айырмасы, жаңа вакцина болашағы зор синтетикалық платформалардың бірінде дайындалды, ол пептидтік вакцина саналады, яғни вирустық белок – пептидтің жасанды жолмен синтезделген қысқа фрагменттерінен тұрады. Иммундық жүйе сол арқылы үйреніп, вирусты танып, оны бейтараптандыруға дағдыланады. Вакцина реактогенді емес әрі қауіпсіздік деңгейі өте жоғары" деді ол.

Ресей әзірлеген коронавирусқа қарсы "тұңғыш вакцина" - Sputnik V-нің де тіркелгенін алғаш болып Путин айтқан. Ресей президентінің сөзіне сенсек, вакцинаны сынап көрген еріктілердің арасында оның қызы да болған.

"Вектор" институтының вакцинасы туралы айтқан ол бұл екпені "керемет препарат" деп сипаттады және Ресейдегі вакциналар бір-бірінен бірі өткен, сондықтан олар қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша өзара бәсекеге түсе алады деді.

Бұдан бұрын бір топ ғалым коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасын сынаудың нәтижелері туралы мақалаға қатысты Ресейдегі әріптестеріне және беделді ғылыми журнал – Lancet редакторына ашық хат жолдаған. Онда ғалымдар мақалада көрсетілген мәліметтердің сенімділігіне күмән келтірген.

16 шілдеде Ұлыбритания, АҚШ және Канада Ресей билігінің қолдауына сүйенетін хакерлерді әлемдік ғылыми және фармацевтикалық компаниялардың коронавирус вакцинасы мен еміне қатысты зерттеу нәтижелерін ұрлауға тырысты деп айыптаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: