Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина шықты

Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 17:48 Сурет: pixabay
Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина тіркеліп, айналымға шығарылды. Препарат індеттің жаңа штамдарына қарсы иммунитет қалыптастыра алады дейді мамандар.

Жаңа вакцина соңғы штамдарға қарсы бірнеше жылға дейін адам ағзасында иммунитет сақтайды. Оны "Спутник-V" екпесін жасап шығарған Гамалея атындағы институт қызметкерлері әзірледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Өйткені қазіргі қолданыстағы вакциналар ескі штамдарға қарсы бейімделген. Алдағы уақытта елде вакцинациялау жұмыстары қайтадан қолға алынбақ.

Әрине жаппай вакцинациялау талап етілмейді. Бірақ бірінші кезекте балалар иммунитеті төмен адамдар, созылмалы ауруы барлар екпе қабылдауы тиіс. Геннадий Онищенко, дәрігер-инфекционист

Соңғы бір аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 5 пайызға артып, науқас саны 10 мың адамға жұқытады. 44 өңірде инфекция өршіген. Сондықтан енді кей өңірлерде қайтадан карантиндік шаралар қолға алынды. Яғни қоғамдық орындарда, адам көп жиналатын шараларда маска тағу міндетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: