Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина қанша тұрады
gazeta.ru
Sputnik V вакцинасының Ресейде немесе Қарағандыда жасалғанына қарамастан бағасы бірдей болады.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Sputnik V вакцинасы қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ресейлік өнімдерге қатысты баға саясаты бірізді. Әртүрлі уақытта жеткізілуіне байланысты әр партияның құны 20 доллардан 26 доллар аралағында өзгеруі мүмкін. Бағаға қатысты соңғы шешім келісімшарттардың барлығына қол қойылып болған соң және соңғы баға ұсынысы түскеннен кейін жарияланады. Бюджеттен 10 миллион адамды қазақстандық, сонымен қатар Sputnik V және өзге де вакциналармен қамтамасыз етуге қаражат есептелген, бұл - шамамен 50 миллиард теңге, - деді Марат Шоранов.
Sputnik V вакцинасының Ресейде немесе Қарағандыда жасалғанына қарамастан бағасы бірдей болады.
Екі доза вакцина үшін шамамен 20 доллар кетеді, яғни, бұл шамамен 16-17 миллиард теңген ресейлік вакцинаға қарастырылған, қалғаны қазақстандық вакцинаға тиесілі, - деді бірінші вице-министр.
Қазақстанда халықты жаппай вакцинациялау науқаны 1 ақпанда басталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript