30 мыңнан аса қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе салдырды

ҚР ДСМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2021 17:52 ҚР ДСМ
Министрліктің хабарлауынша, 33 279 адамға Sputnik V вакцинасының бірінші компоненті салынды. Екінші компонентті 15 856 қазақстандық алып үлгерді.

Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі кезде жүргізіліп жатқан халықты вакцинациялау науқаны бойынша мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрліктің хабарлауынша, 33 279 адамға Sputnik V вакцинасының бірінші компоненті салынды. Екінші компонентті 15 856 қазақстандық алып үлгерді.

1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау науқаны басталды. Билік бірінші кезеңде дәрігерлерге, екінші кезеңде - орта мектептер мен жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне, ал үшінші кезеңге интернат, балабақша мұғалімдері, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдарға екпе салынатынын атап өтті.

Алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау вице-министрлері Ерлан Қиясов пен Ажар Қиният екпе салдырды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: