Солтүстік Қазақстан облысы әкімі коронавирусқа қарсы екпе салдыртты

instagram.com / qumaraqsaqalov, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2021 22:11 instagram.com / qumaraqsaqalov
Құмар Ақсақаловтың таңдауы "Sputnik V" вакцинасына түсіпті.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов коронавирусқа қарсы екпе салдыртты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Мен көктемде коронавируспен ауырып шықтым. Белгілі бір уақыт өтті, сондықтан дәрігерлер вакцина қабылдауға кеңес берді. Ауырмау үшін мен отбасыммен екпе алуды шештім. Кеше ұлым екпе алды, ертең әйелім вакцина қабылдайды. Бүгін мен "Sputnik V" вакцинасының бірінші компонентін алдым. Мен барлығын екпе алуға шақырамын, бұл қауіпті вируспен күресудің ең тиімді әдісі. Ауырмаңыздар!, делінген әкімнің Instagram-дағы парақшасында.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: