Жаңалықтар тізбегі
0

Жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің суреттері жарияланды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 20:48 видеодан алынды
Екі полиция қызметкерінің де отбасы бар, артында әйелі мен балалары қалды.

15 қазан күні таңертең Щучье қаласында жол апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты. Әлеуметтік желілерде марқұмдардың суреттері мен олардың Нива көлігін қаққан шетелдік көлікте болғандар жайлы мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаңа деректер shchuchinsk_info_portal сайтында жарияланды. Апат салдарынан учаскелік полиция инспекторлары: 38 жастағы полиция капитаны Отарбаев Қанат (2005 жылдан бастап органда жұмыс істейді) және 33 жастағы Хамидуллин Қанат (2009 жылдан бастап органда жұмыс істейді) оқиға орнында қайтыс болды. Учаскелік полиция капитаны Қанат Отарбаевтың артында әйелі мен үш баласы қалды және органда қызмет етіп жүріп, 22 мәрте марапатқа ие болған. Екінші учаскелік полиция капитаны Қанат Хамидуллиннің артында жүкті әйелі мен бір ұлы қалды, органда қызмет етіп жүріп, 23 мәрте мараптқа ие болған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 20:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 20:48

15 қазан күні таңертең учаскелік қос полиция қызметкері оқиға орнынан қайтып келе жатқанда, олар мінген Ниваны Lexus көлігі барлық жылдамдықпен ұшып кетті. shchuchinsk_info_portal мәліметі бойынша, шетелдік көлікте 1995, 1992 және 2001 жылы туылған үш ер адам болған. Барлығы түрлі дене жарақаттарын алған, сынған жерлері де бар. Үшеуі де мас болған.

Полиция шетелдік көліктің жүргізушісі анықталғанын, ол бұрын сотталған Шучье қаласының 25 жастағы тұрғыны екенін айтты. Расталмаған мәліметтер бойынша, оған жабық бас жарақаты, ми шайқалуы және жамбастың жабық сынуы диагнозы қойылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: