Ақтауда 24 жастағы жігіт теңізге батып кетті

Оның артында отбасы мен 5 айлық сәбиі қалды.
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылы тұсындағы теңіз жағалауында 24 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 8 маусым күні болған. Шақырту сағат 20-40 шамасында түскен.
1995 жылы жылы туған азаматтың денесін құтқарушылар келгенше жағалауда жүрген адамдар шығарып алған. Оның артында отбасы мен 5 айлық сәбиі қалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript