Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды

primeminister.kz primeminister.kz
Ол қаладағы бірқатар нысанда болды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматыға барды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмыс сапары аясында Үкімет басшысы Алматы қаласындағы ЖЭО-2 аралап, онда электр станциясын жаңғырту және газға ауыстыру тұжырымдамасымен танысты.

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Премьер-Министрге Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жобалары таныстырылды. А. Мамин Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) және қаланың басқа да көлік және тұрғын үй инфрақұрылымы нысандарының құрылысымен танысты, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру мекемелері — "Halyk Arena"-дағы инфекциялық стационарға, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған "MEIIRIM" оңалту орталығына және Ш. Уәлиханов атындағы мектепке барды.

2020 жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Алматы қаласында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 3,2%-ға 712,2 млрд теңгеге дейін, негізгі капиталға инвестициялар 12,5%-ға 608,2 млрд теңгеге дейін, құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9%-ға (248,5 млрд теңгеге), пайдалануға берілген тұрғын үй аумағы 8%-ға (1,47 млн ш.м. астам) өсті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз