Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдан Ақтауға бағыт алған ұшақта жолаушы "есікті аш" деп шу шығарған

Эйр-Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2020 21:43 Эйр-Астана
Ұшақта бір жолаушы: "Мен Ақтауға емес, Шымкентке ұшуым керек" деп шу шығарды.

Алматы - Ақтау рейсінің жолаушысы бортта бүлік шығарды. Оны ұшақтағы жолаушылардың арқасында сабасына түсіру мүмкін болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Эйр Астана" баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 қыркүйекте FlyArystan KC 7175 рейсі - Алматы - Ақтау бағытына ұшып шыққан ұшақта жолаушы экипаж мүшелеріне агрессия көрсеткен, кейін белгілі болғандай, ол мас болған. Бүлікшіл жолаушы балағат сөздер айтып, адамдарды итеріп, әбден тулаған. "Бетперде тағыңыз" деген талаптарды орындамаған.

- Қолында "Алматы-Ақтау" бағытына билеті барына қарамастан, ол "Шымкентке баруым керек" деп шу шығарып, ұшақтың есігін ашуға әрекет жасады. Бортсеріктер тәртіпсіз жолаушыны ережеге сай, шектеу белгілерімен оқшаулаған. Алайда жолаушы одан босап шығып, стюардессаны тұншықтыра бастады. Мұны көрген ұшақтағы әуесқой спортшылар оған көмекке келді. Экипаж мүшелерімен бірге олар бүлікшіні сабасына түсіріп, ұшу кезінде өз бақылауларында ұстап, көмектесті. Ақтауға келгеннен кейін зорлық-зомбылық көрсеткен жолаушы полицияға тапсырылды, деп хабарлады әуе компаниясындағылар.

Жолаушыға ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 434-бөлігі 1-бөлімі, 566-бөлімінің 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу, ұсақ бұзақылық және әуе кемесінде өзін-өзі ұстау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ол экипаж мүшелерінен және басқа жолаушылардан кешірім сұраған жоқ.

Кейіннен әуе компанияның басшылығы спортшылар - Боханов Нұрлан мен Тұрабеков Манасқа алғыс айтып, FlyArystan билеттері мен қызметтерін сатып алуға ұшақ үлгілері мен ваучерлер сыйлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: