Ұшақта шу шығарған қазақстандық жолаушы Ресейде қылмыстық жауапқа тартылады
ҚазАқпарат
Қазақстандық азамат ұшақ бортында бәйәдеп сөздер айтып, бортсеріктер мен экипаж мүшелерінің ескертуін құлағына да ілмеген
Ұшақ бортында ішіп алып шу шығарған Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«РФ Тергеу комитетінің Уральск тергеу басқармасы қызметкерлері ұшақ бортында ішіп алып шу шығарған Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол РФ Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша тергеуге алынды», - деп жазылған басқарма сайтында.
Ведомство ақпаратына сәйкес, ұшақта шу шығарған қазақстандық азамат 19-20 ақпанда Екатеринбург-Пхукет бағытында AZUR air әуекомпаниясының ұшақ бортында бәйәдеп сөздер айтып, бортсеріктер мен экипаж мүшелерінің ескертуін құлағына да ілмеген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript