Масқара болған асаба жұрттан кешірім сұрады
видеодан алынды
Оған айыппұл салынды.
Қарағанды облысында тойда полиция болып ойнаған асаба жұрттан кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.
- Ол кезде мен полиция қызметкерінің киімінде болдым, онда да ол адамдарды масқаралау мақсатым болған жоқ. Мен жай ғана көңіл көтеріп, тойға жиналған қауымның көңілін аулауға тырыстым. Сондықтан мен барлық полиция қызметкерлерінен, барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Карантин кезінде бұлай жасамаңыздар. Маған да айыппұл салынды, оны төлеуге дайынмын, - деді ер адам видеода.
Тақырыпқа орай: Тойда полиция қызметкері болып ойнаған асаба жазаға тартылуы мүмкін
Ал оның қасында тұрған тағы бір жас жігіт те той иесі Жұмабай Бекежановтың баласы екенін, карантин кезінде той жасап айыпты болғандарын, ел-жұрттан өз қателіктерін қайталамауды сұрайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript