Жаңалықтар тізбегі
0

Тойда полиция қызметкері болып ойнаған асаба жазаға тартылуы мүмкін

azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2020 17:59 azh.kz
Асаба полиция қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіріп, шараны ұйымдастырушының заң бұзуына ат салысқан деп саналады.

Қарағанды ​​облысының Жаңаарқа ауданында өткен мерекелік шараның видеосына қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Отбасылық шарадан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Полиция формасындағы адам әдемі безендірілген киіз үйге кіріп, отырған қонақтарға жақындайды. Одан соң осы іс-шараны ұйымдастырушыларды шақырып алып, сөйлеседі. Оның асаба екендігі белгілі болғанда жиналған қауымның қорқынышы сейіледі.

Облыстық полиция департаменті полицияның әзіл-қалжыңға, пародияға және сындарлы сынға әрқашан оң көзқараспен қарайтынын айтады.

- Бірақ мұндай бейнероликтер санитарлық дәрігерлермен бірге карантиндік заңбұзушылықтардың жолын кесіп, коронавирустың таралуын тоқтату ісіне аянбай ат салысып жатқан ішкі істер органдарының қызметкерлерінің бар жұмысын жоққа шығарады. Асаба осылайша полиция қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіріп, шараны ұйымдастырушының заң бұзуына ат салысқан деп санаймыз. Белгіленген ережелер мен шектеулерді сақтау өте маңызды. Отбасылық іс-шараларды кейінге шегеруге немесе басқа адамдарға қауіп төндірмейтін жағдайда аз адамдармен өткізуге болады, - деді облыстық ПД өкілі Жанатай Сембеков.

Қазіргі уақытта жалған полиция қызметкерін ҚР Әкімшілік кодекстің 675-бабы, яғни "Әскери форманың айырым белгілері және (немесе) әскери белгілері бар киімдерді, сондай-ақ формалар мен арнайы формаларды заңсыз кию (пайдалану) бойынша жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралып жатыр.

Мереке ұйымдастырушысына қатысты материал ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормалардың талаптарын бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құзырлы органға қарауға жіберілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: