Қарағандыда жасөспіріммен дауласқан автобус кондукторы жазаға тартылуы мүмкін
Сурет: Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
21 жастағы кондуктор 15 жастағы жасөспірімді салоннан сүйреп шығармақ болған сәтінің видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер әлеуметтік желіде тараған видеоға назар аударды. Жасөспірімнің оқушы билетін көрсетіп, кондукторға жол 40 теңге ұсынғаны анықталды.
Автопарк қызметкері толық төлем талап еткен, бірақ жасөспірім одан бас тартады. Жолаушыны салоннан күштеп шығаруға оқыс оқиғаның куәгерлері жол бермеді.
Автобус кондукторына қатысты ақпаратты тексеру кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік материал толтырылды. Материал сотқа жолданды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript