Елімізде қанша полиция қызметкері коронавирус жұқтырған - ресми жауап
Pixabay
Министр полиция қызметкерлерінің, Ұлттық ұлан мен қылмыстық-атқару жүйесінің КВИ жұқтырған қызметкерлері арасында өлім жағдайы тіркелмегенін де атап өтті.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарында қанша қызметкерлер коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, дәрігерлерден басқа полиция қызметкерлері де қауіп-қатер тобына жатады. Блок-бекеттерде 7 мыңға жуық қызметкер қызмет етті. Адамдар көп шоғырланған жерлерде жаяу кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері болды.
"Жалпы, ішкі істер органдарының 589 қызметкері ауруды жұқтырды, оның 419-ы емделіп, жазылды, ал 170-і карантинде емделіп жатыр", - деді министр.
Сондай-ақ ол полиция қызметкерлерінің, Ұлттық ұлан мен қылмыстық-атқару жүйесінің КВИ жұқтырған қызметкерлері арасында өлім жағдайы тіркелмегенін де атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript