Қарияны итеріп жіберген полицей жазаға тартылуы мүмкін

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 13:48 Фото: Zakon.kz
Алматы облысында 77 жастағы зейнеткерді пәтерінен шығару кезінде оны итеріп жіберген полицей жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, оқиға Алматы облысында болған. Жетпістен асқан зейнеткерді пәтерінен шығару процесіне мемлекеттік органдардың өкілдері мен сот орындаушылары қатысқан. Полицияның айтуынша, әйел адам мемлекеттік қызметкерлердің заңды талабына бағынбай, қақтығыс туындаған.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрлардан полицейдің зейнеткерді қатты итеріп жібергені анық көрінеді. Салдарынан әйел баспалдақтың тұтқасына соғылып, бірнеше қабырғасын сындырып алған. Қазір бұл жағдай бойынша тергеу жүріп жатыр.

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев түсініктеме берді:

"Әйел адам мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талабына бағынудан бас тартқан, сол себепті жанжал туындады. Дегенмен, полицейдің тарапынан орын алған дөрекі әрекет – мүлде жол берілмейтін іс. Бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Тексеру барысы менің жеке бақылауымда", – деді ол.

Бұған дейін Ақтөбе облысында көңілдесіне қол көтерген әкім жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: