Алматыда шетелдікті итеріп жіберген полицей жұмыстан қуылды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда полицейлер мен шетелдік әйелдер арасындағы қақтығыс жалғасты. Қалалық полиция басқармасының бастығы Арыстанғани Заппаров тәртіп бұзушы қызметкердің жұмыстан босатылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылдың 4 маусымында Алматыда түнгі клубтың жанында полиция қызметкеріне қатысты оқиға орын алды.
Тәртіп сақшысының қызды итеріп жіберіп, құлап жатқанын оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған. Одан кейін полицияның баспасөз қызметі "осы факті бойынша қызметтік тексеру басталғанын" хабарлады.
14 маусымда Алматы полициясының баспасөз қызметі полицейдің жұмыстан босатылғанын нақтылады.
Сонымен қатар, ол оқиғадан сәл бұрын қызметке келген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript