Жаңалықтар тізбегі
0

Жасан Зекейұлы деген кім өзі? Оның адвокаты "өз шындығын" айтты

"Жас-Ай", сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2020 21:33 "Жас-Ай"
Обалы нешік, төрт баласының анасы Гүлия Әлиханқызына өзінің басқа әйелмен көңіл қосқысы келетінін ашып айтыпты.

"Жас-Ай" медицина орталығының Бас директоры, профессор, Жасан Зекейұлының адвокаты Қымбат Алмасова БАҚ пен әлеуметтік желі жетекшілеріне үндеу таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Адвокаттың сөзінше, жағдай былай екен:

Қытай Халық Республикасында туып-өскен Жасан Зекейұлы сол жерде Гүлия Әлиханқызымен қазақтың ескі жолымен отбасын құрады. Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Жасан Зекейұлы да көш басын Қазақстанға бұрады. Осында жоғары медициналық білім алып, ғылым кандидаты атанады.

Кейін азаматтық некедегі әйелі Гүлия Әлиханқызын Алматыға көшіріп алады. Гүлия Әлиханқызына қамқорлық көрсетеді. Оның ғылыми атақ алуына жағдай жасады. Үй-жаймен қамтамасыз етеді. Балалы шағалы болады.

Бірақ Гүлия Әлиханқызы отбасымен қосылуға асықпай, ҚХР-да ұзақ жүріп алған екен. Бар қиындықты Жасан Зекейұлы өз күшімен жеңіп шығып, медицина қауымдастығы арасында жоғары беделге ие болып, "көтеріле бастайды".

Қу сезімге билік жүрмейді екен. Жасан Зекейұлы Гүлиядан шаршап, басқа бір әйелмен отбасын ресми құруға ниеттенеді. Қазақстанда көп кездесетін әлдебіреулер секілді жасырын өмір сүргісі келмейді. Төрт баласының анасы Гүлия Әлиханқызына өзінің басқа әйелмен көңіл қосқысы келетінін ашып айтыпты. Және балаларынан бас тартпайтынын, өзіне де тиісті жағдай жасалатынын жеткізеді. Және Жасан Зекейұлы өз сөзінде тұрып, үй-жай, машина беріп, балаларының оқуын төлеп тұрады. Жасан Зекейұлы құдай қосқан жары Айша Бекболатқызымен ресми бас қосып, сол жарымен бірге 18 жыл бұрын "Жас-Ай" медицина орталығын құрыпты.

Гүлия Әлиханқызы "жанашыр" біреулердің сөзіне еріп, азаматтық некеде болған күйеуіне қарсы шығады. Бұған БАҚ араласты. Жасан Зекейұлы туралы баяғы коммунистік жүйедегідей моральдық тұрғыда қысым жасалды. Іс аяғы сотта қаралып, Жасан Зекейұлы жеңіп шықты.

"Нұр Отан" партиясы праймериз жариялағанда Жасан Зекейұлы осы партияның көп жылдық мүшесі ретінде Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде тіркеледі.

Шоғы сөніп, бықсыған от қайта тұтанды. Гүлия Әлиханқызының өз тарапынан ба, әлде тағы да біреудің әсері ме, ол жалған құжат жасатып, өзінің заңды әйелі болғанын дәлелдегендей болады. Жоғарғы сотқа шағым түсіреді. Сөйтіп Жасан Зекейұлы Нұр-Сұлтан қаласында сатып алған екі бөлмелі үйге өз үлесі бардай қаражатын бөлдіріп алады. Сорақысы, ол сотқа Жасан Зекейұлы шақырылмайды. Сыртынан шешім шығарып жібереді. Әлеуметтік желілерде Жасан Зекейұлын тағы да "өз балаларынан безген әке" сынды шындыққа жанаспайтын ақпараттар тарата бастайды.

Ал шындық қандай? Бұған тек ресми құжаттар ғана жауап бере алады. Жасан Зекейұлы Қытай Халық Республикасына Халық істері жөніндегі министрлікке арнайы хат жазды. Келген жауап төмендегідей: "Жасан Зекейұлы мен Гүлия Әлиханқызы некеде тұрғанын растайтын құжат мұрағатта жоқ".

Білгеніміздей, ҚХР Халық істері жөніндегі министрлігі Азаматтардың хал актілерін тіркеу Басқармасы ресми жауапты 28.10.2019 жылы рәсімдейді. Ал жоғарғы сот Гүлия Әлиханқызы жасаған құжатты тексерместен, ақ-қарасын анықтамай, 04.09.2019 жылы Гүлия Әлиханқызына оңтайлы шешім шығарып жібереді.

Жасан Зекейұлы Гүлия Әлиханқызының жалған құжат жасатып, қылмысқа барғанын дәлелдеуге мәжбүр болды. Алматы қаласы Бостандық ауданы полициясына істің ақ-қарасын анықтау үшін шағым түсірді. Осылай 22.05.2020 жылы қылмыстық іс қайта ашылды.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы ҚХР Кейтун қаласының Халықтық үкіметіне Гүлия Әлиханқызы ұсынған құжаттың рас-өтірігін анықтау үшін ресми хат жолдады.

Енді "Бұқаралық ақпарат құралдары" туралы заң бойынша Сіздерден сот процесі жүріп жатқан кезде қандай да бір ақпарат таратуға болмайтынын қаперлеріңізге саламын. Осы үндеуімді БАҚ пен әлеуметтік желі иелеріне жария етуді талап етемін. Олай болмаған жағдайда, жоғарыдағы заң талаптарына сәйкес Жасан Зекейұлы моральдық және материалдық шығынды өтеу жөнінде сотқа жүгінетінін мәлімдеймін, дейді үндеуінде адвокат.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: