Жаңалықтар тізбегі
0

Емші-бизнесмен Жасан Зекейұлы өз әйелін соттайын деп жүр

"Жас-Ай", сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2020 18:33 "Жас-Ай"
Әділдік іздеген Гүлия Әлиханқызы өз шындығын айтты.

Кезінде Қытайдан оралған қандасымыз, сосын елде емші атанып, біраз танылып қалған Жасан Зекейұлы 22 жыл бірге тұрған өзінің әйелін, төрт баласының анасын жеті жыл бойы зар илетіп келеді екен, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы төзімі әбден таусылған Зекейұлының әйелі Гүлия Әлиханқызы өз аузымен әңгімелейді. Әйелдің сөзінше, қырсық Жасан небір қитұрқылықтармен оны адам сияқты ажырасу құқығынан айырып отыр. Сондағысы – ортақ дүние-мүлікпен бөліскісі келмеу. Сол үшін әйелі екеуінің неке туралы куәлігін жарамсыз деп танытуға тырысып жүр екен. Шарасыз әйел соттан, прокуратура мен ІІМ-нен әділдік іздеп шаршады.

Әйелдің сөзінше, Жасан Зекейұлы 2015-ші жылы өз некесін заңсыз деп танитын сот шешімі үшін сотқа өзінің адвокаты арқылы 205 мың доллар пара беріп жіберген. Адвокат болса ол ақшаны өз қалтасына басып, ақыры Зекейұлы адвокатына арызданып, 2018 жылы адвокат сотталып кетеді. Ал Жасанға қатысты пара беру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс белгісіз себептермен Алматы полициясында жоғалып кетіпті. Бұл ақпарат 2019 жылы прокуратураның ресми жауабында көрсетілген. Содан бері қылмыстық іс табылмай, жолы болғыш Жасанға қатысты тергеу тоқтап қалған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2020 18:33

Жасан Зекейұлы онымен қоймай, өз ісін "жоғалтып" жіберген Алматының Бостандық аудандық полиция бөліміне барып, әйеліне қарсы арыз түсірген. Бұл әйел жалған неке куәлігін жасатты деген шағыммен. Полиция да Жасанның айтағына еріп, Гүлияның үстінен бес рет қылмыстық іс қозғаған. Бесеуі де қылмыс құрамының жоқтығынан тоқтатылған. Бірақ прокуратура істі тоқтату туралы қаулылардың күшін жойып, істі қайта-қайта жаңа тергеуге жөнелте береді екен. Гүлияны соттаймыз деп қорқытып, Жасанға керек кезде полиция келіп, тергеуге алып кетеді.

Мәселен, Гүлия жалған құжат жасады деп, полиция күні кеше тағы да жаңа тергеу бастапты. Бірақ сот салған сұрау бойынша архивтен келген жауап бар, 1992 жылы некенің ресми тіркелгенін растайтын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2020 18:33

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2020 18:33

Гүлия Әлиханқызы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін ашық үндеу жолдаған, бірақ әзірге прокуратура да, ІІМ мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік те Жасанның ісіне назарын аударар емес.

Әйелдің арызынан кейін, Nur Otan партиясы праймеризге тіркеліп, депутат боп кете жаздаған Жасанды өз қатарынан шығарып жіберді жуырда. "Алдымен әйеліңмен арадағы мәселені шешіп ал. Депутат болып, мемлекеттің мәселесіне сосын араласасың", деген сияқты оған.

Жасан мен Гүлияның ортақ төрт баласы бар екенін айттық жоғарыда. Туған әкесінің туған анасына жасап жүрген қастандығын сүп-сүйкімді үлкен қызы Ұлпан да түсінбейді.

– Мен әрине, шешемді жақтаймын, дейді ол. – Пара беру туралы істің қалайша жоғалып кеткеніне таңым бар. Сіздер редакцияның атынан Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдаңызшы, закон деген басылым екенсіз. Шешем әкеммен ажырасып, Жасаннан аулақ жүргісі келеді. Ал әкем бұған жол бермей отыр, шешемді сотпен қорқытып, қысым жасап. Бір жаңалықта "экс-әйелі" деп жазыпсыздар, сол "экс-әйелі" бола алмай жүрген жайымыз бар, – дейді Ұлпан.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2020 18:33

Тақырып бойынша: Бизнесмен-дәрігер Жасан Зекейұлын экс-әйелі жамандап жүр

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: