Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2020 21:53 primeminister.kz
Әнуар Ахметжанов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Ахметжанов Әнуар Мұратұлы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Әнуар Ахметжанов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2000 жылы Джонс Хопкинс университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика және сыртқы экономикалық қызмет кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

Әр жылдары "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ, "ҚазМұнайТеңіз" ТМК ЖАҚ, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Қазгермұнай" БК ЖШС жұмыс істеді.

2012-2016 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және өңірлік ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды. 2016-2019 жж. — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 ж. — ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 жылдың тамыз айынан бастап қазірге дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: