Жаңалықтар тізбегі
0

Моторы "май жейтін" көлік мініп жүрген қазақтарға қиын болады

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2020 03:13 kolesa.kz
Ауаны зиян газбен ластайтын көлік үшін салынатын айыппұл 2.5 есе артады.

Экологтар жүргізушілердің жауапкершілігін арттыратын жоба дайындап жатыр, дейді kolesa.kz.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеуде.

Жоба авторлары Әкімшілік кодекстің ластаушы заттар шығаратын және шу деңгейі тым жоғары көлік мінгендерге қатысты 334-бабына өзгеріс енгізіп, мұндай көлік иелеріне бастапқыда ескерту жасауды не 5 АЕК айыппұл салуды, ал бір жыл ішінде қайталаса 20 АЕК төлеуге міндеттеуді ұсынды.

Қазір аталған бап бойынша жауапқа тартылғандар 2 АЕК төлейді, ал тым қатты дыбыс шығаратын машина тізгіндегендерге 334-бап бойынша айыппұл салу қарастырылмаған. Олар тек техникалық регламентке сай келмейтін көлік жүргізгені үшін жазаланады.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Алматыдағы көлік нөпірі көп көшелерге экобекет қойылады. Онда тәулігіне 500 автокөлік тексеріледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2020 03:13

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: