Сергектен қашпа! Алматыда нөмірсіз жүргендерді "аулайтын" рейд басталды
inform.kz
34 жүргізушіге жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелеріне сәйкес келмейтін көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл салынды.
Алматыда мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүретін автокөлік иелерін анықтау мақсатында рейд жүргізілуде, деп хабарлайды zakon.kz "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте қалада нөмірі көрінбейтін, дұрыс орнатылмаған және нөмірі жоқ 65 көлік анықталды.
- Сонымен бірге, қала жолдарында жалған нөмірмен жүрген 3 автокөлік анықталды. Аталған көлік құралдарының жүргізушілері ҚР Әкімшілік кодексінің 590 бабы 3 б. бойынша (Көлік құралына жалған мемлекеттік тіркеу белгілерін орнату) әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деді патрульдік полиция полкінің командирі, полиция полковнигі Манап Саттаров.
Оның айтуынша, ол көліктер арнайы айып тұрағына жеткізілді. Тағы 34 автокөліктің жүргізушісіне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелеріне сәйкес келмейтін көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл салынды.
- Іс жүзінде осындай және басқа да, тіпті ұсақ құқық бұзушылықтар да қаладағы жол қозғалысына кері әсерін тигізеді. Жол қателікті кешірмейді. Мұндай рейдтер әлі де жалғасады. Біз барлық жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы тәртібін жақсартуға шақырамыз, - деді Манап Саттаров.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript