Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімі қаланың көлік және жүргінші инфрақұрылымы құрылысының барысын тексерді

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 18:47 Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стихиялы көлік тұрақтарының орнына даңғыл жиегіндегі тротуарлар қалпына келтірілуде.

Күн сайынғы жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек Алматының көлік және жүргінші инфрақұрылымы құрылысының барысын тексерді. Мегаполис басшысы бірнеше сағат ішінде Абай, Байтұрсынов, Асқаров, Гагарин көшелерін аралап шығып, оларды одан әрі көріктендіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Бұл туралы zakon.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 18:47

Айдың соңына дейін Гагарин даңғылын Әл-Фарабиден Тимирязев көшесіне дейін қайта жасау аяқталады. Ұзындығы 3 шақырымнан асатын жаңарған жолмен қатар жүргінші тротуарлары абаттандырылып, арық желілері салынады. Пайдаланылмайтын конструкциялар мен заңсыз құрылыстар алынуда, сонан соң көшелерді жасылдандыру жоспарланған.

Жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стихиялы көлік тұрақтарының орнына даңғыл жиегіндегі тротуарлар қалпына келтірілуде. Қалалықтардың талабын ескере отырып, Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату мүммкіндігі қарастырылуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 18:47

Алматы әкімі Байтұрсынов көшесін аралаған кезде заңсыз салынған кафенің жазғы террасын алып тастап, жүргінші учаскесін қалпына келтіруді тапсырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 18:47

«Baykonyr» бизнес-орталығы алдындағы жүргінші аймағы кеңейеді, көлік тұрағы жіңішкереді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 18:47

Жайлы қала кеңістігін құру мақсатында мегаполис басшысы Асқаров көшесі бойында тротуар құрылысын бастауды тапсырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 18:47

Еске салсақ, биылғы жазда Алматыда 150 көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 18:47

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: