Абай облысында мас электровелосипед жүргізушісі ұсталды

Мопед, мопеды, мопедист, мопедисты, байк, байки, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2026 12:13 Фото: Zakon.kz
Бесқарағай ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйде басқарған электровелосипед жүргізушісін байқайды.

Жүргізілген тексеру барысында, 52 жастағы азамат Jorgatay маркалы қуаты 850-1000 ВТ болатын электровелосипедті басқарған кезінде мас күйде болғаны расталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші орта дәрежелі масаңдық жағдайында болған.

Бұл әрекет мас күйінде көлік құралын басқарудың қаншалықты қауіпті әрі заңсыз екенін нақты көрсетеді. Абай облысының полициясы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі екенін ерекше атап өтеді.

Әрбір жүргізуші жолға шықпас бұрын өз жауапкершілігін терең сезініп, тек өз өмірін ғана емес, басқалардың да қауіпсіздігін ойлауы қажет. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік әр азаматтың саналы әрекетіне байланысты. Мас күйінде көлік басқарудан бас тарту және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – қауіпсіз қоғам құрудың басты кепілі.

Полиция тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғау – әрбір азаматтың парызы. Жолдағы тәртіп – ортақ жауапкершілік, және әрбір саналы әрекет қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосады.

Есіңізде болсын: жауапсыздық бір сәттік әрекетпен өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Мас күйінде рөлге отыру – тек жеке қателік емес, ол ауыр қайғылы салдарға әкелетін әрекет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: