Маңғыстауда көкөністердің бағасы төмендеді

depositphotos depositphotos
Қазан айының басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына бағаның өсуі алдын ала деректер бойынша 103%-ды құрады.

Маңғыстауда қазан айынан бастап көкөністердің бағасы төмендеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Пияз – 2,4%, картоп – 3%, сәбіз – 5,7%, қызылша 2,2%. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық статистика Департаменттің басшысы Римма Утюшева мәлім етті.

Ағымдағы жылдың қазан айында бағаның 1 – сұрыпты бидай ұнына – 0,5% - ға, қарақұмық жармасына – 1,6% – ға, 1 және 2 – санаттағы жұмыртқаға – 10% – ға, сиыр етіне (сиыр еті бөлігі) 101,1, шошқа етіне (шошқа еті бөлігі) 101%, шошқа етіне (жауырын бөлігі) – 102,6%, сүйектері бар қой етіне - 102,9%, қой етіне (сүйегі бар артқы бөлігі) – 102,2%, ультрапастериализацияланған стерильденген сүтке-101,1%, сүзбе 5-9% майлылығы-101,5%, алма-103,2%, апельсин-105,8%, майшабақ-106,4%-ға, секер – 109,5%-ға, күнбағыс майы – 103,8%-ға өскені байкалды, - деді ол.


Қазан айының басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына бағаның өсуі алдын ала деректер бойынша 103%-ды; тауық еті (тауықтың бір бөлігі) 3,9% - ды, күнбағыс майы (7,9% - ды), картоп 2,1% - ды, басты пияз 1,9% - ды, қырыққабат 1,6% - ды, 1-санаттағы жұмыртқа 17,3% - ды, құмшекер 9% - ды құрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз