Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда инфляция 2,8% құрады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2019 16:20 zakon.kz
Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы жеті айда (2019 жылғы шілде 2018 жылғы желтоқсанға) – 6%, азық-түлік емес тауарларына 2,4% жоғарылады, ал ақылы қызметтерге 0,7% төмендеді.

2019 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда инфляция 2,8% құрады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың басынан (2019 жылғы шілде 2018 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі сөкке – 43,9%, күрішке – 15,7%, ұнға – 15,4%, қой етіне – 11,1%, мұздатылған балыққа – 9,7%, нанға – 9%, жемістер мен көкөністерге – 8,9%, жылқы етіне – 8,8%, макарон өнімдеріне – 7,9%, сиыр етіне – 7,4%, құс етіне, шошқа етіне – 6,8%-дан, мәйекті ірімшікке – 6,2%, ет өнімдеріне – 5,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 5,2%, шұжық өнімдеріне – 4,4%, шайға – 4,3%, кондитерлік өнімдерге 3,7% белгіленді. Темекі өнімдері – 10%, салқындатылған сусындар – 8,9%, алкогольді ішімдіктер 5,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі қиярға – 56,2%, қызанаққа – 28,7%, қырыққабатқа – 14,5%, жұмыртқаға – 12,1%, шикі сүтке – 4,6%, құмшекерге – 2,7%, сүзбеге – 2,4%, қарақұмық жармасына 2% тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге – 4,9%, автомобильдерге – 4,8%, құрылыс материалдарға – 4,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 3,8%, тоқыма бұйымдарына – 3,7%, тұрмыстық аспаптарға – 3,6%, киім және аяқ киімге – 3,5%, жеке қолданатын тауарларға – 3,3%, жуғыш және тазалағыш құралдарға 3,2% құрады. Бензин – 4,6%, дизель отыны – 1,2%, баллондағы сұйытылған газ 0,9% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, ыстық суға – 10,1%, суық суға – 7,8%, кәрізге – 7,2%, электр энергиясына – 5,6%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,1%, қоқыс шығаруға 3,6% төмендеді.

Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне – 9,9%, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 5%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне – 4,2%, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға – 3,7%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 3,5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 3,3%, қонақ үйлер қызметтеріне 2,2% өсті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2019 16:20

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2019 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 38,8%, азық–түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 31,4%–ды құрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: