Қазақстанда инфляция қарқыны баяулап келеді

Цены на продукты, цена на продукты, подорожание, повышение цен, подорожание продуктов, стоимость продуктов, увеличение стоимости, рост цен на продукты, увеличение цен на продукты, инфляция , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2026 13:12 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы сәуір айында айлық инфляция 0,8% деңгейін құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,7%-ға өсті. Ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 0,9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сәйкес, азық-түлік тауарлары арасында кейбір өнімдердің бағасы төмендеген.

Атап айтқанда, банан мен апельсин 3%-ға арзандаған. Көк шөп пен бұршақ дақылдарының бағасы 0,6%-ға, зефир – 0,5%-ға, ал кептірілген өрік 0,4%-ға төмендеген.

Жүзімдер 5,6%, сары май мен карамель – 1,2%, картоп – 0,8%, сүзбе – 0,6%, орамалар, кекстер – 0,4%, лимон мен жасымық 0,3% қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардан кір жуғыш машиналар 1,2%, парацетамол – 0,8%, контактілі линзаларға арналған ерітінді – 0,7%, блендер – 0,6%, теледидарлар 0,4% арзандады. Бағаның өсуі қол сағаттарына –4%, цементке – 2,4%, жеке гигиена тауарларына – 1,5%, жуғыш және тазартқыш құралдарға – 0,7% байқалды.

Ақылы қызметтер саласында туристерге арналған медициналық сақтандыру – 1,9% арзандады. Клининг қызметтері 0,8%, косметолог қызметтері – 0,7%, компьютерлер мен ноутбуктарды жөндеу 0,3% қымбаттады.

Жылдық есепте 2026 жылғы сәуірде инфляция 10,6% құрап, наурыз айымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа баяулады. Азық-түлік емес тауарларының бағасы 11,7%, азық-түлік тауарлар – 11,3%, ақылы қызметтер – 8,9% өсті.

Жылдық мәнде қырыққабат бағасы – 24,4%, сарымсақ – 7,8%, қызылша – 4,7%, банандар 1,7% арзандады. Алмұрт 10,8%, бал – 9,1%, мармелад – 7,6%, ашытқы – 7%, құмшекер – 4,2% қымбаттады.

Бір жыл ішінде үтіктің бағасы 20,7%, тіс пастасы – 14,6%, зарядтау құрылғылары – 6,8%, дастархан – 6,4%, ас үй пышағы – 2,5% өсті.

Заңгерлік қызметтер 10%, байланыс қызметтері – 3,2% қымбаттады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: