Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жылдық инфляция 14 пайызға жетті

Инфляция, азық-түлік бағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 17:25 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы шілдедегі жылдық инфляция деңгейі 14 пайыз болды. Азық-түлік тауарлары 13,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар 15%-ға, ақылы қызметтер 13,6%-ға өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы шілдемен салыстырғанда:

  • кеңсе тауарлары 64,4%;
  • күріш – 44,3%;
  • қантсыз қоюландырылған сүт – 42,4%;
  • күндізгі стационарлық емдеу – 40,8%;
  • ыдыс жууға арналған құралдар – 37,4%;
  • кір сабын – 35,9%;
  • қырыққабат – 27,5%;
  • тосап, джем 25,9% қымбаттады.

Керісінше, жылдық мәнде:

  • құмшекер – 17,4%;
  • қарақұмық жармасы – 10,5%;
  • күнбағыс майы – 4,7%;
  • қызылша – 6,1%;
  • сәбіз – 3,4%, картоп 1,3% арзандады.

Шілдеде бағаның өсуі дыбыс-бейне шолу (теледидиар, ноутбук, фотоаппарат және т.б.) жабдығына – 9,6%, тұрмыстық құралдарға – 1,2%, ыдысаяққа – 1,1%, спорт, туризм және демалуға арналған жабдықтарға – 0,9%, тоқыма бұйымдарына, жеке қолданатын тауарларға 0,8%-дан байқалды. Маусым айымен салыстырғанда баға баллондағы сұйытылған газға – 6,2%, АИ-95/96 маркалы бензинге – 4,5%, АИ-98 бензинге 3,6% өсті.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ұлытау облысында – 1% (республикалық орташа деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгі – Алматы облысында тіркелді – 0,1%.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: