Желіде қазақ пен күрдтердің Ресейдегі жанжалына қатысты тағы бір видео жарияланды

Youtube Youtube
Видеодан беліне дейін шешініп тастап, қолына таяқ ұстап, жазық далада оқиға орнына беттеп бара жатқан агрессивті көңіл-күйдегі жігіттерді көруге болады.

Әлеуметтік желілерде Саратов облысының Дергачев ауданында 24 қазанда болған ұлтаралық қақтығыстың тағы бір видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеоны "Взгляд-инфо" ақпарат агенттігінің редакциясына оқиға куәгерлері ұсынған.

Онда беліне дейін шешініп тастап, қолына таяқ ұстап, жазық далада оқиға орнына беттеп бара жатқан агрессивті көңіл-күйдегі жігіттерді көруге болады. Барлығы жолдың бойына қарай ағылып бара жатқаны, ал алыстан бір көліктің де төбесі көрінеді.

Олар "бір де бірге" шығу үшін келген топ екенін байқауға болады, алайда бұған күш қолдануға мәжбүр болған "омондықтар" жол бермеді.

- Ең құрымағанда, олармен сөйлесуге рұқсат беріңіздер! - деді ОМОН-ға қарсылық танытушы жігіттің бірі.

Жанжал 21 қазанда, қазақ жігітін әскерге шығарып салу кезінде орын алған. Дереккөз атап өткендей, әртүрлі ұлт өкілі мас кезінде сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласқан, мәселені шешу үшін қос тараптың адамдары жан-жақтан "тартылған".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз