"Көлікті қайық еткен". Ақтөбеде желідегі видео полиция назарына ілікті

Видео, әлеуметтік желі, Ақтөбе, көлік, ескек, қыз бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2025 22:51 Сурет: polisia.kz
Әлеуметтік желіде көңіл көтеру тұрғысында жарияланған видео тарады, онда жас қыз жүріп бара жатқан көліктің капотына шығып, билеп тұрғанын көруге болады, ал көліктегі жігіттер қайық ескегімен ауаны еседі. Бұл роликті Ақтөбе облысының полициясы назарға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Тәртіп сақшылары видеодағы әрекетті жол ережесін бұзу деп таныды.

"Полицейлер әлеуметтік желіде тараған бейнероликті зерделеп, ондағы жол қозғалысы ережелерін бұзған тұлғаларды анықтады. Видеодағы азаматтардың әрекеттері құқыққа қайшы болғандықтан, оларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданды. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тренд қуып, түрлі бейнероликтер түсіру белең алып барады. Алайда кейбір азаматтар мұндай контент түсіру барысында заң талаптарын, әсіресе жол қозғалысы ережелерін ескермей, өз өміріне де, өзгенің қауіпсіздігіне де қатер төндіруде", - дейді полициядағылар.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу – әкімшілік, ал кей жағдайда, тіпті қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін.

"Тренд үшін заң бұзуға болмайды! Әлеуметтік желіде танымал боламын деп қайғылы жағдайға тап болудан сақ болыңыздар! Қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Полиция азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз орындауға, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырады", делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Бұған дейін Алакөлде су бетімен жүйіткіген Mercedes жол талғамайтын көлігі желіде "жұлдызға" айналғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: