Жүріп бара жатқан көліктің үстіне шыққан қазақстандық көлігінен айырылды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 13:23 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері жүріп бара жатқан көліктің төбесіне шығып, видео түсірген ер адам бейнеленген роликті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Сайрам ауданының аумағында болған. Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы дронның көмегімен де тіркелген.

"Тексеру нәтижесінде ВАЗ автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысына жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамағаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды", – деп хабарлады құқық қорғау органдары 2026 жылғы 21 қазанда.

Сонымен қатар оқиғаға қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оларға заң талаптары мен жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың салдары түсіндірілді. Ал автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция өкілдері әсерлі видео түсіруге деген ұмтылыс адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі керектігін еске салды. Мұндай әрекеттер жол-көлік оқиғаларына әкеліп, орны толмас зардаптарға соқтыруы мүмкін.

Қазақстанда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру аясында төленетін өтемақы тәртібі де өзгерді. Бұған дейін төлемді қолма-қол ақшамен немесе аударым арқылы алуға болатын. Ал 2026 жылғы 21 қазаннан бастап сақтандыру төлемдері тек қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: