Жаңалықтар тізбегі
0

Эволюциялық даму – өзгермеген диллема

pricom.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2020 22:54 pricom.kz
"Тарих қайталанады" деген сөз бар.

Өткен тарихқа көз жүгірткен сайын адамзаттың небір зұлматтарды бастан кешіргеніне еріксіз көз жеткізесің. Мұның бәрі ең әуелі жер бетіндегі адам шығынын көбейтіп, көп бейбіт тұрғынның жазықсыздан жер жастануына себеп болды. Түрлі себептерден туындаған төңкеріс, соғыс, кикілжіңдердің ақыры кейде жеңіске жеткізіп отырса, кейде орны толмас қайғыға себеп болып, адамзат тарихының жадында мәңгі өшпес жара болып қалды.

"Тарих қайталанады" деген сөз бар. Бірақ бұл абсолют шындық емес. Бәлки, біз сүріп отырған өмір эволюцияға құрылғандықтан, тек жаңара беретін шығар?.. Әзірге өзгермеген диллема – даму. Адамзат түрлі сынақты бастан кешіріп, ешкім төзгісіз азаптардан қадамдап өтіп жатса да, бұл тірлікте дамуын тоқтатпады. Себебі онсыз мүмкін еместін. Мұны әлбетте шартты мағынада айтамыз. Өйткені, соғыс зардабы қатты батқан кей елдер мен аймақтардың даму деңгейі сол қалпы қалып қойса, кейбірі мұның жолында өз егемендігін де құрбан етті. Біз уақытқа иелік ете алмаймыз. Алда не боларын да болжап білу қиынға соғады. Өйткені, осы уақытқа дейін біз күтпеген сын-қатерлер алдымыздан кесе-көлденең шығып отыр. Десе де шама-шарқымызша әлемдік қауымдастық болып бәрін еңсеріп келеміз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2017 жылы жариялаған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында өткенге көз жүгірте отырып, "Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлттарға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгертті.Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа.Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да еш-кім¬нің қақысы жоқ", - дейді.

Иә, тарихтың сүрлеуі мен даңғыл жолын әр ұлт, әр мемлекет өзінше кешіп өтті әлі де солай. Бірақ тағылым-сабағын әркім әрқалай қабылдады. Адамзат әртүрлі болғандықтан ғана даму мен бәсеке бар шығар? Осы орайда Елбасы қазақ қоғамының өткен ХХ ғасырда басынан кешкен сынақтарын тілге тиек етеді: "Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке то¬лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демо¬графиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құр¬дымға кете жаздады.Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері эко¬ло¬гиялық апат аймақтарына айналды". Араға жылдар салып, ел егемендігін алып, еңсесін тіктеген соң Нұрсұлтан Әбішұлы сөз еткен өзімізге ғана тән күйреген жолымыз бен болмысымызды қайтаруға бел шеше кірістік. Бірақ әлі оған толық қол жеткізе алмадық. Өткеннің ауыр үкімі осы болса керек. Езгіге түскен ұлт жаны шиыршық атып, азаттық үшін талай зұлматты бастан кештік. Ол әлбетте салдарсыз болмайды. Бұл бірнеше ұрпақтың бойында іштей жара болып қатты. Тәуелсіздік сәтінен бері біз үшін азаттықтың сондай құнды болуы да өткеннің сабағы болар.. ХХ ғасырда аса ауыр демографиялық соққыны бастан өткердік. Аштық, одан кейінгі репрессия сана саңылауында мәңгілік сақталды. Қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздаған тұста бәрібір де ұлттық болмысымыз бұған оңай жол бере қоймады. Ең қиыны Елбасы атап өткендей, Семей ядролық полигоны үлкен апат аймағына айналды, Аралдың жағдайы да мәз емес еді. Бірақ тәуелсіздік алғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Семей ядролық полигоны жабылып, Қазақстан ядролық қарусыз әлем құруды мақсат еткен алғашқы мемлекеттің бірі болды. Бұл бастама әлемдік қоғамдастық тарапынан айтарлықтай қолдау тауып, 29 тамыз Ядролық қаруға қарсы жаһандық күрес күні деп белгіленді. Бұл біздің тарихтан алған аса ауыр сабағымыздың оң нәтижесінің бірі еді.

Н.Назарбаев мақалада "Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді.Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өр¬кен¬деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс", - дейді. Революциялар дәуірінің әлі бітпегені айқын, тіпті бұл жалғаса беруі де ықтимал. Революция тек ауыр тарихты ғана емес, дамудың жаңа буынын да жасап отырады. Әлбетте, парадокс. Бүгінгі революция жаһанданудың жаңа сыны – технологиялық революцияда болып отыр. Адамзат өз жаратылысынан бері когнитивті, аграрлы, индустриалды революцияларды бастан кешті. Бұл тұтас дәуірлер төңкерісі еді. Қазір баршамыз ХХІ ғасыр – технологиялық революция кезеңінде өмір сүріп отырмыз. Соғыс, я атом қаруымен емес, енді әлемді тек біліммен ғана ауызға қарату мүмкін. Себебі қару-жарақ, өндірістік байлыққа кез келген мемлекет оңай қол жеткізе алады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанда Жапонияның қос қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасы тасталып, адамзаттың тең жартысы осынау сұмдық апатқа шошына қараса, жапон халқы аяусыз зардап шеккен еді. Міне, сол сәттен бері адам баласы қару-жарақ бір тетікті басып қалатын құр ойыншық еместігіне көзі жетті. Қазір мәміле мен дипломатия ең тартымды қатынас моделі саналады. Қазақстан бұл модельден тайқыған емес. Біз бейбітшілікке үлес қосу үшін бірнеше ірі іс-шаралар өткіздік, қақтығыс болып жатқан аймақтарға диалог алаңын ұсындық. ҚР Тұңғыш Президенті қазіргі уақытта тек білімнің құнды екенін әу бастан қадап айтқан еді. Осы орайда білім саласын жетілдіру, ғылымға баса мән беру ғана бізді ұшпаққа шығарары анық. Эволюциялық даму ұғымының астарында да осынау ұлы қазына – білім мен ғылым жатыр. "Талаптан артық білуге" деп қазақтың ұлы ойшылы Абай айтқандай, қазір бірнеше қабілет пен ілімді еркін игерген жандардың дәуірі. Елбасы кез келген сәтте өзінің кәсібін оп-оңай ауыстырып, жаңаға бейімделе алатын прагматист, қарым-қатынасқа ашық жандар ғана дамудың көкжиегіне шығады деп дәл осы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағларламалық мақаласында жазған еді.

Н.Назарбаев өз сөзінде "Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, эко¬номикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ¬мысының бір бөлігі", - дейді. Жаһандық саясат – құдды өрмекшінің торы іспетті. Мұнда логикалық ойлау мен ашық сана маңызды. Адамзат өзінің жеке оң мүдделері мен құндылықтары үшін күрескені жөн. Бірақ ол тұтас қоғам мен халықтың өміріне кері әсерін тигізбеуі тиіс. Көбіне жекелеген мүдделер өзінің көзқарасын ғана көріп, көпті елемей, қыр астындағыны көзбен шола алмайды. Мұндай эгоистік ниеттер соңында орны толмас өкінішке соқтырады. Сондықтан,қалыпты даму диллемасынан ажырамауымыз тиіс. Мақсаттар орындалады, шыңдар бағынады...

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: