Жаңалықтар тізбегі
0

Болат Назарбаевтың қоғамдық қоры Талдықорғаннан жаңа мешіт ашты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 15:27 видеодан алынды
"Тәубе" қалалық мешіті бір мезгілде 3 мың адамды қабылдай алады.

2020 жылдың 23 қазанында Талдықорған қаласында Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ"қоғамдық қорының қаражатына салынған жаңа мешіттің ашылуы өтті.

Мешіттің ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, "Салиқалы ұрпақ" қорының құрылтайшысы Болат Назарбаев қатысты. Салтанатты рәсімде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елімізде жыл сайын мешіттер саны көбейтіп, имандылыққа бет бұрған азаматтар қатары да артып келе жатқанын айтты. Сол қатарда Талдықорғанда ашылып отырған бұл мешіттің қоғамды ізгілікке тәрибелеуге қосар үлесін атап өтіп, көпшілікті қуаныштарымен құттықтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 15:27

Облыс әкімі Амандық Баталов та қалалықтарға ізгі тілегін арнап, жаңа мешіттің тұрғындарға рухани азық беретін құтты мекен болатындығына сенім білдірді. Облыс орталығының көркіне көрік қосып, жаңа шағын ауданда орын тепкен осы мешіттің құрылысына қолдау көрсеткен "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорына барша Жетісу жұртшылығы атынан алғыс айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 15:27

Сол сияқты аталмыш қордың директоры Қасым Қасабеков және басқа да азаматтар қуанышқа ортақтасып, игі тілектерін жеткізді. Шара барысында Құран оқылып, дұға бағышталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 15:27

Атап өтсек, Талдықорғандағы 3-ші бөлімше шағын ауданында орналасқан "Тәубе" мешіті "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының қаржысына тұрғызылды. Мешіт құрылысы осыдан екі жыл бұрын 2018 жылы басталған болатын. Жаңа мінәжат үйіне 1200 адам сияды. Жалпы,"Тәубе" қалалық мешіті 3 мың адамды қабылдай алады. Мешіт құрылысы кезінде заманауи архитектуралық шешімдер қабылданды. Ғимараттың формасы стандартты емес, ортасында бағандары жоқ үлкен аралықтары бар. "Тәубе" мешіті 2 қабаттан және биіктігі 40 метр екі мұнарадан тұрады. Күмбездің диаметрі -18 метр, биіктігі – 10 метр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: