Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда Тәуелсіздік күні қарсаңында заманауи Ertis мұражайы ашылады

pavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2019 21:04 pavlodarnews.kz
Ғимарат 600-ге жуық адамды қабылдай алады. Тоғыз көрме залында 30 қызметкер жұмыс жасайды.

Мұражайға келушілерге көне палеозой дәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі экспонаттар ұсынылады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

"Музейдің жалпы ауданы 2,4 мың шаршы метрді құрайды. Ғимарат 600-ге жуық адамды қабылдай алады. Тоғыз көрме залында 30 қызметкер жұмыс жасайды. Бірінші қабатта қордың қоймасы, жаңғырту зертханалары, көрме залы, сондай-ақ әкімшілік және көмекші ғимараттар, ал екінші қабатта көрме залы, планетарий, заманауи табиғатқа арналған экспозиция орналасады. Мұражайдың ең көрнекті экспонаттарының бірі мамонттың қаңқасының үлкен мүсіні болады", - деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасындағылар.

Музейдің өзі ғимаратты қалпына келтіруге 300 миллион теңге салған ERG еуразиялық тобының демеушілігімен салынған. Экспозицияға тағы 300 миллион теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Тапсырыс беруші Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі болды.

Жаңа мұражайды"Лучеза" ЖШС жобалаған. Мердігер "Связьдеталь" ЖШС құрылыс жұмыстарымен айналысқан. Ал Ертіс өңірі үшін бірегей көрмені "MK-Өнер_KZ" компаниясы дайындаған.

Музей экспозициясының құрылымы мультимедиа жабдықтары, безендірілген инсталляциялар, қабырға суреттері, мүсіндерді дайындау, экспонаттардың көшірмелері мен нақпішіндері, оған қоса, залдардың безендірілуі кіреді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: