"Мағауин және темір сойыл". Алматыда "Желтоқсан - Тәуелсіздік жаңғырығы" атты көрме ашылды
Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Алматыдағы орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай "Желтоқсан - Тәуелсіздік жаңғырығы" атты көрме ашылды. Музей қорында Желтоқсан оқиғасына қатысты 200-ге жуық жәдігер бар. Соның біразы көрмеге қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Деректі материалдар, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құжаттары, фотосуреттері және осы тарихи оқиға туралы жазылған кітаптар сол қаһарлы күндерден сыр шертеді. Экспонаттардың қатарында КСРО Халық әртісі Әзербайжан Мәмбетовтың көтеріліске қатысқанын дәлелдейтін қанға боялған киімдері де бар. Сонымен қатар Қайрат Рысқұлбековке қатысты құжаттар қойылған. Көрмеде желтоқсаншылар естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды 24kz.
Еске сала кетейік, бейбіт шеруге қатысамыз деп келген 30 мыңнан астам адамның 8515-ін құқық қорғау органдары ұстаған.
"15 одақтас республикалар ішінде қазақтар бірінші көтерілді, қазақ жастары бірінші көтерілді. Сол бәріне мұрындық болды. Кеңес Одағының бодауынан шығуға, егемендік алуға. Мұның қасіреті мен қайғысы бар. Бірақ бақыты егемендік алдық. Сол азаматтар тарихта қалды".Желтоқсан оқиғасына қатысушы Талғат Тұрысбаев
"Көрмеге келушілер өз көздерімен Қайрат Рысқұлбековке қатысты құжаттар, ату жазасына кесу туралы үкімі, әкесінің жоғарғы сотқа жазған хаты, сондай-ақ Ербол Спатаевтың, Мырзақұл Әбдіқұлов, Бауыржан Шұғылов тағы басқа Желтоқсан қаһармандарының фотосуреттерін көре алды. Сондай-ақ Мұхтар Мағауин музейге тапсырған желтоқсан оқиғасына қатысушыларды жазалауға қолданған темір сойыл қойылды".Көрме және экспозицияларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Айгүл Мусина
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript