Жаңалықтар тізбегі
0

Олар кім? Шетелде 5 мыңға жуық қазақстандық қыдырып жүр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2020 17:29 видеодан кадр
Қазір шетелдегі эпидахуал мәз емес.

Қазір шетелде 5 мыңға жуық қазақстандық қыдырып жүр екен. Трэвэл агенттіктер қараша айына да билеттер қалмағанын айтады. Ең қызығы, дәл осы шетелден келіп жатқандар арасында короанвирус тіркелуде. Тіпті, кей пысықайлар заңға бағынбай тестсіз елдің шекарасын аттамақ болған. Сонымен, олар кімдер?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Осыдан екі ай бұрын бірқатар елмен арадағы әуе рейстеріне қайта рұқсат беріліп еді қазақстандықтар жаппай шетелге ұша бастады. Олардың қатарында елімізге белгілі шоу бизнес өкілдері де бар. Бүгінде сахна саңылақтары бірі Стамбұлда, өзгесі Мысыр еліндегі суреттерін жаппай әлеуметтік желіге жариялап әлек.

Айқын, Жұлдыз Өмірғали, танымал вайнерлер де биылғы демалыстарын Қызыл теңізде өткізуде.

Ал жуырда ғана шаңырақ көтерген Әли Оқапов Стамбұлда демалып жатыр екен. Шетелді әбден сағыныпты.

Әли Оқапов, әнші:

Демалыс өте жақсы өтуде. Өйткені біріншіден осы жылы ешбір шетелге шығуға мүмкіндік болмаған соң әрине өте үлкен сағыныш болды. Басқа елді көріп аралау деген. Сондықтан алғашқы шетелге шығуымыз болған соң әрине ерекше өтті. Әсіресе Стамбұл әсіресе Түркия біз бұл қалаға екінші рет келіп тұрмыз. Осыдан 2 жыл бұрын алғашқы рет болғанбыз. Енді бүкіл Стамбұлды аралап шығуға 1 айдың өзі жеткіліксіз. Солай осылай жәймен жүрудеміз.

Сандарға сенсек, соңғы екі айда Араб Әмірлігіне 42 мың, Түркияға шамамен 12 мың қазақстандық барған. Сұраныста Мысыр мен Түркия, дейді мамандар.

Асылхан Есілов, туристік қамқор корпоративтік қорының директоры:

Шетелде демалу мақсатымен бар қазақстандықтар саны 4461. Бұл көбінесе Мысыр Республикасында және Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия Республикасы осы үш куррорттық елде көбінесе қазақстандықтар демалуда.

Ең қызығы дәл осы мемлекеттен келген туристерден коронавирус анықталуда. Көш басында Мысыр елі.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:

Шарм-әл-Шейхтан келетіндер арасында анықталғанын айтты. Яғни Египеттен келгендер арасында 14 жағдай тіркелген. Түркияның Анталия, Стамбұл қаласынан келген 8 азаматтан вирус анықталған. Ал Дубайға барып келгендер арасында 6 жағдай тіркелген.

Қазір шетелдегі эпидахуал мәз емес. АҚТШ-та күн сайын 80-90 мың, Франция 30 мың, Португалия, Испания, Германияда 15 мың адамнан жұпалы індет тіркелуде. Мәселен Италияда оқып жатқан қазақстандық студент Ержан Сыдықтың айтуынша, ол елде короанвирустың екінші толқыны халықты әбігерге салуда.

Ержан Сыдық, студент:

Эпидемиологиялық ситуация Италияда жақсы емес. Себебі күніне 17 000 -18 000 адамнан қосылып жатыр динамика қатты болып тұр. Және де қазіргі таңда сіз айтпақшы коммендантский час енгізілді. Осы айдың 23- інен бастап түнгі 12 ден таңғы 5 аралығында үйден шығуға рұқсат етілмейді. Шықса адамға белгілі бір мөлшерде, сомада штраф қойылуы мүмкін.

Айта кетейік, елімізге ПТР-анықтамасыз келетін жолаушылардың саны да азаяр емес. Күні кеше шетелден 10 халықаралық рейспен 1274 жолаушы ұшып келген. Олардың 1 110-да тиіст тест анықтамасы бар болса, 164 азаматта болмаған. Ал бұдан былай шет елдерден ПТР-анықтамасыз жолаушы тасымалдаған әуе компаниялары жауапқа тартылатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: