Нұр-Сұлтанда ер адам газ балонын жарып жібермек болды
Pixabay
Көрші пәтерлерден 30-ға жуық тұрғын, оның ішінде балалар да эвакуацияланды.
Нұр-Сұлтанда оқыс оқиға орын алды. Ер адам "газ баллонын жарып жіберемін" деп, айналысындағыларға қоқан-лоқы жасады, деп хабарлайды zakon.kz.
Елордалық ПД-нің хабарлауынша, 102 нөміріне 27 қазанда сағат 17: 50-де шұғыл қоңырау келіп түскен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көрші пәтерлерден 30-ға жуық тұрғынды, оның ішінде балаларды эвакуациялады.
28 жастағы ер адам ұсталды. Оның бұл оқыс әрекетіне отбасылық жанжал себеп болған болып шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript