Алматы облысының полициясы қауіпті қылмыскерді іздестіруде

Оқанов Дидарбек Әсембекұлы -19.03.1995 жылғы ШҚО, Катонқарағай ауданының тумасы.

2015 жылдың сәуір айында Алматы облысы Алматы-Бішкек тасжолында орналасқан ірі сауда орталығындағы қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінен Қарасай АПБ кезекші бөліміне, спорттық тауарлар бутигіндегі заттарды қолды қылған ұрыларды ұстамақ болған сәтте, олардың көрсетілген бутиктің үш қызметкеріне пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық шабуыл және бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша тіркелді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмыс жасағаны үшін кінәсін толық мойындаған 19 жастағы студентті, яғни қылмыскерлердің бірін ізін суытпай ұстады. Екінші қарулы қарақшыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Күдікті-Оқанов Дидарбек Әсембекұлы жиналмалы пышақпен оларды ұстауға тырысқан үш ер адамға пышақ жарақатын салған.

Оқанов Дидарбек Әсембекұлы -19.03.1995 жылғы ШҚО, Катонқарағай ауданының тумасы.

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер полицияға 8 (7282) 60-82-33, 60-82-32 немесе 8 705-110-55-57 телефондары бойынша хабарлауларыңызды сұраймыз.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-10/1603870328_1c7e236a-c20c-434b-b286-a9d37d064406.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз