Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы полициясы жедел-жәрдем көлігін өткізбеген жүргізушіні іздестіруде

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2018 22:43 Хабар 24
Бейнежазбадағы автөкөлік жүргізушісін тауып, оған міндетті түрде әкімшілік айыппұл салынады.

Алматыда шетелдік маркалы көліктің жүргізушісі жедел-жәрдем көлігіне жол бермеген. Енді ол осы ісі үшін міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бейнежазбадағы автөкөлік жүргізушісін тауып, оған міндетті түрде әкімшілік айыппұл салынады. Біздің қызметкерлер автокөлік иесін анықтауда», - деді Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетсек, Instagram әлеуметтік желісіндегі @kris_p_almaty парақшасында бейнеролик жарияланған болатын. Онда көлік руліндегі әйел адам жедел-жәрдем көлігінің өтуіне кедергі жасап тұр. Видеролик 45 мың көрілім жинап, онда осы оқиғаға байланысты көптеген сыни пікірлер жазылған.

Айта кету керек, бұл оқиғаға байланысты ҚР Әкімшілік Кодексінің 598 бабына сәйкес, (Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу) 7-ден 15-ке дейінгі АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: