Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция қызметкерін масқаралаймын деп желіге видео жүктеген қыз опық жеп қалды

akket.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2020 23:41 akket.com
Оған ірі көлемде айыппұл салынады немесе ол қамауға алынады.

Алматыда полиция қызметкерін көпшілік алдында қорлағаны үшін 20 жастағы қыз жазаға тартылмақ, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде адамды қорлау фактісі анықталды. Instagram қолданушысы полиция қызметкерлерін заңсыз видеоға түсірген, оның үстіне балағат сөздер айтқан.

Видеода 20 жастағы К есімді автор өз достарымен бас қосып, бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын айтады.

Тойлап болғандардың бірі алкогольдік мас күйінде рульге отырады, көп ұзамай оны полиция қызметкерлері тоқтатады. Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетімен келіспеген азамат К. оларды балағаттап, телефонымен видеоға түсіріп, түсініктеме бере бастайды. Ол видеоны әлеуметтік желіге орналастырған, деп хабарлады полициядағылар.

Бұл факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 378-бабы, 1-тармағы (мемлекеттік қызметкерді қорлау) бойынша тіркеуге алынды. Бұл бап бойынша 160 АЕК көлеміне дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары қарастырылған, яғни 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға салу немесе 40 тәулікке қамауға алу түрінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: