"Сергек" салған айыппұлдарды өшірген полицейлердің қылмысы әшкере болды

mir24.tv mir24.tv
Тергеу жүріп жатыр.

"Сергек" камералары тіркеген мәліметтерді бұрмалап көрсеткендерге қатысты қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Шыңғыс Қабдула мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғалды. Олар "Сергек" камералары тіркеген деректер бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай реестріне бұрмаланған мәліметтерді жүйелі түрде енгізе отырып, ереже бұзғандардың жауапкершіліктен жалтаруына ықпал еткен", - деді Шыңғыс Қабдула Astana Adaldyq Alańy-ның әлеуметтік желідегі парақшасында өткен брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде аталған фактілерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, күдіктілер анықталуда.

"Сергек" деректер базасынан өшірілген құқықбұзушылақтар өте көп", - деді департамент басшысы.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз