Лукашенко ескертусіз Латвия, Литва, Польша және Украинамен шекараны жапты

30 Қазан 2020, 10:40
Сурет: rambler.ru

Минск ескертусіз Литва, Латвия, Польша және Украинамен шекарасын жапты, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Беларусь мемлекеттік шекара комитеті шекараларын жабуын коронавирус инфекциясының жаңа түрінің кең тарауымен түсіндірді. Бір күн бұрын ел президенті Александр Лукашенко егер аталған елдерден агрессия туындайтын болса, армиясы жауап беруге дайын екенін жеткізген.

Азаттықтың беларусь қызметі шекараларда кептеліс пайда болғанын жазды. Көбі үйіне қайта алмай жатқанын айтып шағымданған. Қазір шекаралардан тек дипломатиялық және жүк көліктерін ғана өткізіп жатыр.

Бірақ Минск әуежайы кәдімгі режимде жұмыс істеп жатыр.

Бейсенбіде Александр Лукашенко АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен сөйлесіп, оған егер Польша, Литва, мүмкін Украина тараптан қарсылық болса, жауап беретінін ескерткенін айтқан. Сол күні ол шекараларды күшейтуді тапсырған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?