Алматы әуежайы қайтадан қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр

Алматы әуежайы қайтадан қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
"Алматы халықаралық әуежайы нөсер салдары жойылып, қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматы әуежайында толассыз жауған жаңбыр салдарынан жаңа әуежай терминалын су басқанын хабарлаған едік.
Қатты лайлы жауын-шашын салдарынан перрон жағындағы нөсер канализациясы ішінара бітеліп қалған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript