Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде 90 жастағы кейуана 17 мың теңге зейнетақыға күн көруде

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2020 17:07 видеодан кадр
Әр айдың басын балаша күтеді.

Семейде 90 жастағы кейуана 17 000 теңге зейнетақығы күн көруде. Тыл ардагері зейнетке шығар кезде еңбек кітапшасын жоғалтып алып, салдарынан өзіне тиесілі ақшадан қағылған. Жұмыс істеген жылдарын растайтын құжаттарды қалпына келтіргісі келгенмен, күні бүгінге дейін еш нәтиже шықпапты, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Серафима Ивановна 20 жылдан бері 17 000 зейнетақысын әрі тартып, бері тартып, әйтеуір тірлігіне жаратып келген. Себебі қосымша табыс көзі ретінде моншаға арналған сыпырғыш жасап, сатты. Ал, одан түскен тиынды күнделікті шай-пұлына жұмсайтын. Кейуанада қазір ондай қауқар жоқ. Басы ауырып, буыны сырқырап, тысқа шығудың өзі мұңға айналыпты.

Серафима Васинькова, Семей қаласының тұрғыны:

Өте аз. Жетпейді он жеті мың теңге. Дәріге де жетпейді. Мен не аламын бұл ақшаға? Қыс та келе жатыр. Көмір керек. Ағаш керек. Қалай күн көремін?!

Еңбекке ерте араласқан әжей соғыс жылдарында да біраз тірліктің басын шалған. Одан бөлек, қаладағы түберкүлезге қарсы диспансерде 9 жыл тер төгіпті. Бірақ 1997 жылы еңбек кітапшасы мен төлқұжатын жоғалтып алған. Жеке куәлігі қайта қалпына келгенімен, қызмет еткен жылдарын растау оңайға соқпай тұрған көрінеді.

Татьяна Воропаева, С.Васинькованың қызы:

Қайта-қайта бардым. Ешқандай нәтиже жоқ. Мұрағатқа сұрау салдым. Іздедім. Табылмай жатыр. Олар ізде, ізде, тауып көріңіз дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Екі ортаға жүгіріп шаршадық. Анам бұрын зейнетақым аз деп мойымайтын. Қазір ауырып қалды. Зейнетақасына қарап отыр. Әр айдың басын балаша күтеді.

"Тиісті құжаттар архивтен табылмаған жағдайда, мәселені шешудің тағы бір жолы бар", - дейді мамандар. Ол үшін кейуананың жұмыс өтілін растайтын куәгерлер тауып, сотқа жүгіну керек екен. Сонда ғана қария өзіне тиісті ақшаны ала алады.

Марина Часовникова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнайы топтағы азаматтарға арналған төлем секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы:

Зейнетақысы шынымен де аз. Іс еңбек өтілінің расталмауына байланысты қайта қарауға жатпайды. Бірақ сот ұйғарымы бойынша, куәгерлерді тауып, еңбек өтілін дәлелдеу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кейуанаға тыл еңбеккері мәртебесін ұсынып отыр. Бірақ ол үшін де архивті айналшықтауға тура келеді. Соғыс жылдарында атқарған жұмысы жайында анықтама берілсе, зейнетақы мөлшері артып, 9 мамыр сайын сыйақы алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: