Жаңалықтар тізбегі
0

Паркингте той жасаған ақтаулық 90 мың теңге айыппұл төледі

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2021 17:22 видеодан алынды
Оған паркингті жалға берген құрылыс компаниясына 670 мың теңге айыппұл төлеу міндеттелді.

Ақтау тұрғыны паркингте той жасағаны үшін 90 мың теңге айыппұл арқалады. Ол карантин кезінде отбасының қуанышын көпқабатты үйдің астындағы көлік тұрағында өткізген, деп хабарлайды zakon.kz.

"Паркингте ешкім той көрмеген шығар. Біз, міне, бастап жатырмыз1. Әлеуметтік желіге таралған видеода 25 жылдан бері той басқарып жүрген асаба паркингтегі тойды алғаш көргенін айтып таң қалып тұр. Той иесі карантин шектеуіне байланысты мейрамхана таппаған болса керек, тұрғын үйдің көлік тұрағын тойханаға айналдырған. Сәндеп шар іліп, кілем жайып, төрт қатар үстел қойған. Кейін белгілі болғандай, мұнда беташар өткен екен. Той иесінің айтуынша, отбасы қуанышына бар-жоғы 50-ге жуық тума-туыс пен достары жиналыпты", деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Мобильдік топ өкілдері әлі пайдалануға берілмеген "Сабыр" тұрғын үй кешенінің мердігерлерін де жазалады. Паркингте той өткізуге рұқсат берген құрылыс компаниясы енді 670 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Еркін Елеусізов, Ақтау қаласы, полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары:

- Учаскелік полиция инспекторлары жан-жақты жұмыс істеп, іс-шараны ұйымдастырған, басқарған адам анықталып, одан қысқаша түсініктеме алынды. Шағын аудандағы "Сабыр" тұрғын үйінде болған. 21 ақпанда түскі уақыт шамасында болған. Қазір мобильді топ жұмыс істеуде.

Ал атышулы видеодағы ер адам сол тойдың асабасы екен, бірақ ол: "Видеоны мен түсірмедім, таратқан да мен емес" деп шыр-пыр. Тек бір адам қасыма келіп, "не дейсіз" дегенде айтқаным ғой, ал ол видеоны достарына таратып жіберіпті дейді.

Оқи отырыңыз: Бір қазақ қонақтарын паркингке шақырды. Тығылып жасаған тойдың видеосы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: