Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада құрылыс компанияларына 16 млн 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

Айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2023 21:19 Сурет: gov.kz
Астанада қауіпсіздік ережелерін бұзған құрылыс компанияларына 16 млн 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың бұзылуына байланысты 2 құрылыс нысанында ("Райымбек" және "Ayana Plaza" көппәтерлі тұрғын үй кешені) құрылыс-монтаж жұмысы тоқтатылды. "Райымбек" көппәтерлі тұрғын үй кешені бойынша анықталған бұзушылықтар жойылды. Ал "Ayana Plaza" көппәтерлі тұрғын үй кешені бойынша материалдар сотқа берілді. Сондай-ақ өткен жылдың өзінде мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 87 жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Айыппұл сомасы 16 млн 700 мың теңгеден асты.

"Құрылыстағы өндірістік жарақаттанудың негізгі себебі нысандарда жұмыс өндірісінің жоғары қарқыны және құрылыс салушылар тарапынан еңбектің қорғалуы мен қауіпсіздік техникасына қажет қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі болып саналады. Көп жағдайда шағын мердігерлік ұйымдарда қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары жоқ", делінген хабарламада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен (қорғаныс бас киімі, арнайы киім, монтаждау белдігі), сондай-ақ ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, биік орындардағы жұмыс орындарында және оларға өтетін жолдарда қорғаныс қоршаулары болуы керек және заттардың биіктен құлап кетпеуі үшін қорғаныс торлары болуы керек.


"Құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары сақталмаған жағдайда жұмыстың барлық түрі тоқтатылады, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылатын болады. Мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді, ұйым басшылығына өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеттер түсіндіріледі", делінген хабарламада.

Алдында Алматыда "Үш қоңыр" және "Весновка" ТКШ-ны салған компания өкілдері ұсталғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: