"Сарыағаш-тұрмыс" мекемесіне 4,7 млн теңге айыппұл салынды

ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2024 18:34 Сурет: Zakon.kz
"Сарыағаш-тұрмыс" мемлекетік коммуналдық кәсіпорнына 4,7 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті "Сарыағаш-Тұрмыс" МКК-ның қызметінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша, "Сарыағаш-Тұрмыс" МКК-ға қатысты суды беру және тарату желілері бойынша бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша тарифтерді заңсыз қолдану бөлігінде әкімшілік іс қозғады.

Нәтижесінде "Сарыағаш-Тұрмыс" МКК Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 5 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жалпы сомасы 4 700 792,22 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Әкімшілік айыппұл заңнамада көзделген мерзімде мемлекеттік бюджетке өндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: