Алматыда қалалық сумен жабдықтау кәсіпорнына 120 млн теңге айыппұл салынды

Алматы, су, электр қуаты, Ерменсай шағын ауданы, Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 11:00 Сурет: Zakon.kz
Алматыда сапасыз қызмет көрсеткені үшін қалалық сумен жабдықтау кәсіпорнына 120 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ерменсай" шағын ауданының тұрғындарына электрмен, сумен қамту және су тарту бойынша сапасыз қызмет көрсеткен "Сумен қамту қалалық сумен жабдықтау кәсіпорны" ЖШС-ға (бұрын "Орхан" ЖШС) келер болсақ, ұзындығы 4,2 км болатын электр желісін қаланың балансына өтеусіз беру туралы шешім қабылданғанын хабарлағым келеді. Компанияның өзіне 120 млн теңге айыппұл салынды"Ерболат Досаев

Мегаполис басшысы Бостандық ауданының тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін биыл 25 км инженерлік желілерді, оның ішінде 6 км астам су құбыры желілерін, 0,9 км жылу трассасын қайта жаңарту, 16,5 км жоғары вольтты электр кабель желілерін, 1,5 км орташа қысымды жерасты газ құбырын жөндеу жоспарланғанын айтты.

Сондай-ақ маусым айында қосылған аумақтарда 47,2 км электр желілерін қайта жаңарту басталады. Әкім жұмыстарды 2024 жылдың сәуір айында аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: